184
Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оң иығынан жарақат алған.
«Ассалаумағалайкум достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуына байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын, алдағы уақытта хабарлайтын боламын»,-деп жазған спортшы.
Айта кетейік, боксшы 28 қыркүйек күні Алматыда венесуэлалық Корреа Пинтомен жұдырықтасуы керек болатын.