Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алады

97

Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады деп хабарлады ҚР Мәжілісінің телеграмм арнасы.

Құжатқа 2023 жылы 21 тамызда Ханойда қол қойылған.

Келісім Вьетнамда қылмыс жасағаны үшін сотталған қазақстандықтарға жазасын өз елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сотталғандарды оңалту және өз ұлтының қоғамына интеграциялау үшін қолайлы жағдай туғызады. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады.

Биыл мамыр айынан бастап қазақстандықтар үшін Вьетнаммен туристік виза алынып тасталды. Сондықтан бұл елге туристер ағынының өсу динамикасы болжанып отыр. Бұл ретте қазақстандық туристердің құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Қазірдің өзінде 23 мемлекетпен осындай келісім жасалған. Статистикалық деректерге сүйенсек, сотталғандардың мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Өзге де келісімдерге сәйкес, соңғы төрт жылда 160 азамат Қазақстанға, 260-тан астам шетелдік Қазақстаннан өз отанына қайтарылған.

Алдыңғы пост
Әйел азаматша 32 адамды алдап, олардың 4,8 млн теңгесін қалтасына басқан
Келесі пост
Махмұд Сабырхан қырғыз боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu