141
Азаматша «Коlesа.kz.» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Арам пиғылды әрекетінің арқасында, 4,8 млн теңгеден астам шығын келтірген. Нақтырақ айтар болсақ, жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде берген. Ол аздай, қылмыстық ниетін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберген. Ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.