Былтыр сәбилер үйіне қабылданған бүлдіршіндер саны 8,5%-ға өскен. Аталмыш мекемеге 4 жасқа дейінгі 1300-ге жуық бала жіберілген. Оның ішінде, 546-сы ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар.
Айта кету керек, сәбилер үйінде балалар небәрі 3-4 жасқа дейін ғана болады. Содан соң бүлдіршіндер балалар үйіне, интернатқа жіберіледі.
2024 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 21,4 мыңға жетіп отыр. Бұл дегеніңіз, көзі жәутеңдеген жетімдердің саны артып жатқандығының дәлелі.
Десе де, осы мәселені шешу жолы қарастырылып жатыр. Кейінгі 3 жылда балалар үйлерінің саны 21 мекемеге азайды. Мемлекеттің басты мақсаты – бала асырап алу жүйесіне толығымен көшіп, балалар үйлерін жабу. Сондықтан, патронат тәрбиешілер институты енгізілмек. Бұл жоба, әлі де қаралу үстінде.