108
Қызылорда облысы Махамбет ауылында 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Сондықтан, ата-аналар балаларыңызға абай болып, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!