Қарағандылықтардан 30 келіден астам есірткі және қару тәркіленді

128

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады. Күдікті азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде заңсыз заттар анықталған.

«Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде»,-деп хабарлады ҰҚК.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Алдыңғы пост
Жыл сайын 41 мыңнан аса адамнан қатерлі ісік анықталады 
Келесі пост
Жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңге: Ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu