194
ТЖ департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Жітіқара ауданымен шекараға жақын Ресей аумағында өрт ошағын тіркеді.
Өрт тез таралып, Қазақстан аумағына өтті. Жағдайға ден қойып, Қостанай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына бет алды.
Өрт сөндіру жұмыстары өрттің шекара аумағында қашықтықта орналасуымен, сондай-ақ желді ауа-райы жағдайымен қиындап, өрттің тез таралуына ықпал етті деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Десе де, құтқарушылардың жедел реакциясы мен шекара қызметі және басқа да органдардың бірігіп әрекет етуінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, Қазақстан аумағында 1400 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды.
Абырой болғанда табиғи өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.