Мемлекеттiк баждың төленген сомаларын қайтару ерекшеліктері

201
  1. Мемлекеттiк баждың артық төленген сомасы:
  • талап қоюшы сотқа талап арыздар және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көп мөлшерде енгiзiлген;
  • іс төрелікке берілген;
  • іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;
  • талап арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттiк берілген адамдар нотариаттық әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
  • егер iс сотта қарауға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудiң осы санаттағы iстер үшiн белгiленген тәртiбiн сақтамаған не талапты әрекетке қабiлетсiз адам қойған болса, іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған;
  • мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
  • сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтаруға жатады.
  1. Мемлекеттік баж:
  • талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;
  • талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;
  • сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.
  1. Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.
  2. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.
  3. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.
  4. Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.

 

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Парманова Ж. Е.

Алдыңғы пост
2023 жылға арналған Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Келесі пост
Үшінші мегаполисте тасқын судың алдын алу бойынша тиісті шаралар пысықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu