121
Ресей Президенті Владимир Путин, 2025 жылы ТМД елдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп тойлайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, келесі жыл бір-бірімен тату елдерде бейбітшілік пен бірлік жылы болады деп отыр.
Айта кетейік, ТМД мемлекет басшылары Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына орай Достастық елдері халықтары мен әлем қауымдастығына үндеу қабылдады, деп хабарлады Достастық Атқару комитеті.
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өткен болатын.