Түркістанда шаруа қожалығының екі басшысы ер адамды 5 жыл бойы құлдықта ұстаған

Теги: , ,
217

Түркістан облысында Өзбекстан елінің азаматы еңбек құлдығында болған.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 53 жастағы  ер адамды жұмысқа жегу үшін бес жылдан астам уақыт бойы заңсыз ұстаған шаруа қожалықтарының екі басшысын  ұстады.

Polisia.kz жазуынша, олар ер адамның төлқұжатын алып, 2017 жылдан бастап мал бағуға мәжбүрлеген. Жәбірленушінің мал қорада тұрғаны анықталды. Жұмыстан бас тартқан кезде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған. ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші оңалту және көмек алу үшін дағдарыс орталығына жіберілді.

Айта кетейік, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қыркүйек айында “STOP-трафик” кезекті кең ауқымды операциясын жүргізіп, адам саудасына байланысты 30 қылмысты анықтады.

Алдыңғы пост
«Аяқ киім, сөмке, ойыншықтар».Шымкентте жас жігіт дүкеннен 7,5 млн теңгенің тауарын ұрлап кетті
Келесі пост
«Жастар практикасы»: Шымкентте 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu