Астанада мектеп асханасындағы тамақ сапасы тексерілді

190

Министрлік бұған дейін, білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізген болатын. Ас мәзірін өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді пайдалана отырып әзірлеу туралы норма енгізілді. Сонымен қатар, өңірлерде бракераждық комиссиялар құрылды, олардың құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері ене алады. Бракераждық комиссиялардың мониторингтік топтарының қызмет тәртібі туралы заңнамалық нормалар белгіленді.

«Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – білім беру процесінің әрбір қатысушысының алдында тұрған бірінші кезектегі маңызды міндет. Біз сауықтыру-педагогикалық бағытқа баса назар аудара отырып, «салауатты өмір салтын» ұстануымыз керек және сапалы тамақтануды ұйымдастыру, балалардың білім алудағы нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін оның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Әрбір мүдделі тараптың, әсіресе, кәсіпкерлердің өз жауапкершілігін сезінуі маңызды. Тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, санитарлық, гигиеналық талаптардың сақталуына, дұрыс тамақтануды насихаттауға көңіл бөлінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс бұл мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі рөлге ие», – деп атап өтті оқу-ағарту министрі.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдан бастап бірінші рет 1,7 млн оқушылар үшін мектептерде тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.

Алдыңғы пост
Футболдан жерлестеріміз аустриялықтардан ойсырай ұтылды
Келесі пост
Әскерге бармағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu