97
13 қазанда қалаға қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ІІМ ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жеткізілді.
«Талғар ауданына қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет атқарып жатыр. Азаматтардан әскерилер атқаратын іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Шерзат Болат, бір шөлмек сыра үшін бір топ азаматтың қолынан қаза тапқан болатын. Күдікті ретінде 7 адам қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде. Бірақ, 12 қазан күні, марқұмның отбасы тұратын үйді белгісіз біреулер өртеп жіберген.