Әлемдік жылдам қызмет көрсету желісі Қазақстандағы мейрамханаларын жабады

250

​Қазақстандағы McDonald ‘ s өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды компанияның ҚР-дағы ресми сайтына.

Қазақстандағы McDonald’s (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады.

“Food Solutions KZ” ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып табылады.

Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. “Food Solutions KZ” ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам сомаға салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударды.

Алдыңғы пост
​Түркістанда үйінен шығып кеткен 80 жастағы емші қария қайтып оралмаған
Келесі пост
Қазақстанда келесі жылы цифрлық әскери билет пайда болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu