101
Ұлытау облысында жеке жүк пойыздары қақтығысып, бес бос жартылай вагон мен тепловоз аударылып қалған. Салдарынан, 4 адам түрлі дене жарақатын алған. Олар, тез арада ауруханаға жеткізілді.
ҚТЖ баспасөз қызметі, апатты жағдай, басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін мәлімдеді.
«Ағымдағы жылдың 15 қазаны сағат 10-нан 10 минут өткенде Сарысу разъезі маңындағы жеке жолдарда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан. Нәтижесінде бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды.
Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ»,-делінген мәлімдемеде.
Ал, пойыз жолды реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қақтығыс салдары алдағы уақытта анықталады.