ҚР СІМ Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін шешуде

187

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Үкімет отырысынан кейін Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты тілшілер сауалына жауап берді.

«Қазіргі кезде Украинада сапармен жүрген Қазақстан азаматтарының санын тексеріп жатырмыз. Себебі соңғы оқиғаларға байланысты ол елдегі азаматтар азайған. Кеше Украинадағы біздің елшілік көмек көрсету бойынша тиісті мәлімдеме жасады. Бастапқы эвакуация кезінде көбісі ол елден кетіп қалған еді. Олардың кейбірі қайтадан баруы мүмкін. Сондықтан қазір нақты санын айта алмаймын», – деді А. Смадияров.

Оның айтуынша, шекара ашық болғандықтан, ел азаматтары Украинаға сапармен барып жүр.

«Елшілік жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір елшілікті жабу емес, ондағы қызметкерлерімізді эвакуациялау мәселесі қарастырылып отыр. Таяу күндері осы мәселе шешіледі. Атап айтқанда, эвакуация толық жүргізілуі мүмкін», – деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады.

Дерек көзі: Қазақпарат

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері Шымкент экономикасына 219 миллиард теңге инвестиция салынды
Келесі пост
Шымкентте жұмыссыздықпен күреске үш миллиард теңге бөлінді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu