93
Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті тұрғынның, сұңқарларды сатпақ болып, аулағаны әшкере болды.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізу барысында, сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда, құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.