Шардарада үй ұрысы қомақты қаржы мен әшекей бұйымдарды қолды етті

213

Түркістан облысы Шардара ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, тұрғын үйіне бөгде адам  терезе арқылы кіріп бағалы заттарды қолды еткен. Үй ұрысы жатын бөлмедегі бағалы алтын, бриллиант әшекей бұйымдары мен 1 миллион теңгеден астам ақшасын  жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Көп ұзамай күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғын  болып шықты.

«Күдікті ер азамат жәбірленушінің үйінде алтын бұйымдарының барын біліп, өзінің жеке бас пайдасы үшін жымқырған. Бүгінде қолды болған бағалы әшекейлер өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Алматылық жас жігіт үйіне жетіп алу үшін екі жасөспірімді тонап кеткен
Келесі пост
Түркістанда жас жігіт такси жүргізушілерін сан соқтырып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu