Қаржы пирамидаларын құрып, басқарғандардан 12 млрд теңге өтелді

144

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері, қаржы пирамидаларын құру, басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді. Нәтижесінде, 12 млрд теңге өндіріп алды. Ал, жалпы шығын 20 млрд теңгені құрайды.

Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан.

Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15% – на дейін пайдасын уәде етті.

Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасай береді.

Алдыңғы пост
«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сатпақ болған күдікті ұсталды
Келесі пост
Өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu