Кентаулық тұрғын гүл құмырасына есірткі еккен

Теги: ,
338

Түркістан облысының полицейлері бір күнде 2 есірткі егу дерегін анықтады. Оның бірі – Кентау қаласында тіркелген. Жергілікті тұрғын туысының пәтерін есірткі зертханасына айналдырған. Мұндай деректі облыстық Полиция департаменті бастығы орынбасары Қ.Сахов айтты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ер адамның үйін тінту кезінде жатын бөлмесінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 11 сіріңке қорабын тапқан. Одан әрі жедел ақпарат көздері арқылы оның ағасының үйінде есірткі өсіретіні анықталды.

«Күдікті жас жігіт  туысының пәтеріне есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған фитозертхана жасаған. Яғни, пәтердің бір бөлмесін арнайы фитожарықтандырғышпен жабдықтап, есірткінің өсуіне қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткен. Жедел уәкілдер оқиға орнынан есірткіге ұқсас өсімдік өсірілген 18 гүл құмырасын тапты. Бұл ыдыстардан 46 сабақ пен 3 түп “сора” өсімдігі тәркіленіп алынды» делінген полиция мәліметінде.

Алынған есірткі заттарына сараптама тағайындалып, зерттеу қорытындысы «марихуана»  екенін растады. Одан бөлек пәтерден 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тексеру кезінде бұл қару бірнеше жыл алдын болған пәтер ұрлығы кезінде ұрланған қару болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан өзге жедел уәкілдері деструктивті діни ағым жақтаушы ретінде есепке алынған түркістандық ер адамды есірткі егумен айналысқаны үшін құрықтады. Тәртіп сақшылары анықтаған жедел ақпарат нәтижесінде күдіктінің ауласынан 2300-ге тарта егілген есірткіге ұқсас түптер алынды. Сонымен қатар  шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас зат алынды. Сараптама тағайындалды. Нәтижесінде алынған түптер  жалпы салмағы 60 келіге жуық «сора» есірткісі болып шықты. Ал шыны ыдыстағы 35 грамнан асатын марихуана екені дәлелденді. Күдікті қамауда.

Аталған екі дерек те ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Балалар омбудсмені: Қазақстанда күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады
Келесі пост
Шымкентте бірнеше тұрғынды газсыз қалдырған жүргізуші ақыры ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu