Заңсыз вейптерді тасымалдаған азаматтың бас бостандығы шектелді

125

Қаржылық мониторинг агенттігі, Қостанай облысының аумағында вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу фактісін анықтады.

Нәтижесінде, жергілікті тұрғынның өзі құрған телеграм-арнасы арқылы заңсыз кәсіп жасағанын әшкереледі. Ол, Қазақстан Республикасының аумағына Ресейден әкелінген вейптерді таратқан. Яғни, жеткізу қызметінің көмегін және почтаны пайдаланған.

«Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кетейік, күдіктінің заңсыз әрекеті дәлелденіп, сот пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Алдыңғы пост
ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар қаза тапты
Келесі пост
Криминалды топтардың жолы кесілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu