Алматыда «Be Woman» іскер әйелдер форумы өтті

318

Алматыда Орталық Азияның он елінен келген беделді, әрі іскер әйелдер форумы өтті. «Be Woman» деп аталатын шараға бизнес, мәдениет, білім және технология саласындағы кәсіби мамандар, әлемдік деңгейдегі спикерлер, сарапшылар мен тәлімгерлер қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету. Және Орталық Азияның болашағын құру, олардың әлеуетін ашып, қоғамдағы рөлін нығайту болды.

Форумның басты ұйымдастырушысы Жанна Кан, өзінің өмір жолын баяндап, ауыр тағдырын суреттеп берді. Ол, анасының үш жасында Қиыр Шығыстан Орталық Азияға, мәжбүрлі түрде депортацияланғанын еске алып, қазақ халқына шынайы ризашылығын білдірді.

«Қазақстанның тұрғындары депортацияланған мыңдаған адамға жанашырлық танытып, оларға баспана мен азық-түлік ұсынды,» – деп атап өтті ол.

Форумның басты қонақтарының бірі, Мэй Маск. Ол өзінің өмірлік тәжірибесі мен кәсіби жетістіктері жайында ой бөлісіп, әйелдерге сенімділік пен табандылықтың маңыздылығын жеткізді. Мэй Масктың әсерлі сөздері аудиторияға үлкен шабыт сыйлады, әрі оның баяндамасы форумның шарықтау сәтіне айналды.

«Be Woman» форумы Орталық Азия әйелдеріне жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашып, жеке және кәсіби дамуда маңызды қадамдар жасауға мүмкіндік жасады.

Алдыңғы пост
«Хуторский»: Хасан мен сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың қандай байланысы бар?
Келесі пост
Жанар Айжанова: «Хасан деген бәле болды»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu