193
Алматы облысында әйел мен екі баласын өлтіріп, баспанасымен бірге өртеп жіберген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, ер азамат масаң күйде бірге тұратын әйелі мен оның екі баласын пышақтап, мерт еткен. Мұнан соң, есікті сырттан құлыптап кеткен. Ертесіне қайта келіп, қылмысын жасыру мақсатында, үйді өртеп жіберген. Ол аздай, жәбірленушінің ақшасын да қолды қылған.
“Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.