Көліктерді заңсыз тіркеуді бизнеске айналдырғандар ұсталды

524

Алматы қаласында арнайы жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі, прокуратураның көмегімен көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады.

Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы жұмыс жасаған.

Тексеру нәтижесінде, VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді.

«Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды. Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты.

Айта кетейік, бұдан бөлек, алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Алдыңғы пост
Грузияда оппозициялық партиялардың жақтастары митинг өткізді
Келесі пост
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға 516,7 млрд теңге төленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu