Ішкі істер министрлігі мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады:
– жеке басты куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжатты;
– Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.
– техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
– транспорт иесінің өтініші;
– көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.
Мемлекет басшысы жол қозғалысы туралы заңға қол қойған еді. Яғни, мопед жүргізушілері міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Сонымен бірге жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін күшейтуге, көлік жүргізушілерін оқытуға бағытталған бірқатар қосымша талаптар да енгізілген болатын.