Балабақшаға бөлінген бюджет қаражатын иемденгендер анықталды

115

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, сыйлықақы, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

«Қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе бала-бақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған. Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 бала-бақша меңгерушілері мен 4 есепшілеріне қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,-делінген мәлімдемеде.

Қазіргі таңда, аталған факті бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Елімізде мопед жүргізушілері 3 сәуірге дейін тіркелуі қажет
Келесі пост
Бейіт басына мәрмәрдан тас орнатып, темірден қоршау салуға тыйым салынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu