Елімізде 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

76

2024 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6%-ы деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 144 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439, , өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Алдыңғы пост
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Келесі пост
Республика күні 850 нәресте дүниеге есігін ашты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu