Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды

80

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы үшінші рет әлемнің үздік балуаны атанып отыр.

Албанияда 23 жасқа дейінгілер арасында өткен әлем чемпионатында отандасымыз қарсылас шақ келтірмей, құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салды. Ол, 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласы Махди Морафаны жеңді.

Күрес бастала салып, алғашқы ұпайды Морафа иеленді. Алайда, Айтмұхан тез арада есепті теңестіріп, алғашқы кезеңнің соңына дейін әрқайсысы бір-бір ұпайдан иеленді. Екінші кезеңді белсенді бастаған қазақ балуаны, қысқа уақытта 6:2 есебімен алға шықты.

Екі балуан, күресті 11:6 есебімен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Ризaбек, бұған дейін 8 қыркүйекте 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Алдыңғы пост
Шымкентте жүрегі тоқтап қалған әйел өмірге қайта оралды
Келесі пост
Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu