Ақтауда суши желісінің басшысы есірткі курьері болып жүрген

Теги: , ,
377

Ақтауда суши-маркет желісінің 34 жастағы басшысы есірткі курьері болып жүрген. Оған 32 жастағы қызметкері заңсыз істе көмектескен.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде жүргізілген тінту кезінде 692 грамм “мефедрон” синтетикалық препараты тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша (Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы) сараланған.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыларға үкім оқылды. Сот есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алдыңғы пост
Шымкентте Қазыбек би көшесінің екі бөлігі уақытша жабылады
Келесі пост
Тұран ауданы: 310 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайындық жұмыстарынан өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu