Алматыда жер сілкінісі тіркелді 

58

5 қараша сағат 10:00 шамасында жер дүмпуі сезілді. ҚР ҚР ТЖМ “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан  аумағында Алматы қаласынан 33 км. жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

Алматы қ. 3 б.

Талғар қ. 4 б.

Есік қ. 4 б.

Түрген ауылы 3.0б

Өтеген-Батыр 3 б.

Боралдай ауылы 2 б.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

– көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, ешқандай зардап шеккендер жоқ. Тек, жедел желіге 50 шақты ақпарат сұрау мақсатында қоңырау түскен.

Қазіргі таңда, Алматы облысы Талғар қаласы бойынша жергілікті билік штаттық режимде жұмыс істеуде.

Алдыңғы пост
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді
Келесі пост
Ұрылар өлген адамның зиратын тонауға көшті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu