ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделеді. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей білім беру аясында мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтары мен тамақ сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік санаттағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан мектептерде көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті енгізіледі», – деді Ғани Бейсембаев.