Түркістан облысында халық арасында жұқпалы ауру өршіп жатыр

78

Түркістан облысы Көксарай ауылының жасы да, кәрісі де лейшманиоз ауруынан жапа шегіп отыр. Бүгінде 118 ауыл тұрғыны аталмыш дертке шалдыққан. Қазіргі таңда, олар дәрігерлердің бақылауына алынған.

Жергілікті халықтың айтуынша, бұл ауруға ауыл маңындағы уран өндірумен айналысатын алып кәсіпорынның кесірінен тап болған. Олар, күкірт қышқылын жерге төгіп, көміп кетеді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, алғашында адам денесінде, маса шаққандай орын болады. Мұнан кейін, сүйелге ұқсас болып,асты іріңдейді. Артынан, жараға айналады дейді.

Қазіргі таңда, экологтар кәсіпорын күкірт қышқылын ауыл маңайына төккенін растады. Аумағы 600 шаршы метр шамасында улы зат төгілді деп отыр. Осыған байланысты, қылмыстық іс қозғау үшін Отырар аудандық полиция бөлімшесіне хат жолдаған.

Лейшманиоз — қан соратын індеместер арқылы тарайтын зоонозды тропикалық паразиттік инфекциялық ауру. Аурудың инкубациялық кезеңі 2 аптадан 4 айға дейін созылады. Балаларда 3 айдан 1 жылға дейін, ал үлкендерде 3 жылға дейін созылады.

Алдыңғы пост
Павлодарда әйелдің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды
Келесі пост
Рудныйда жылу құбыры жарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu