129
Павлодарда азаматшаның үстіне ағаш құлап, басып қалған. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақыртылған. Бірақ, ауыр дене жарақатының салдарынан нәзік жанды ажал құшты.
«Апатты жағдай салдарынан, 1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке орай, азаматша кеуде қуысы, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі ағзалардың жарақаттары, 3-4 дәрежелі жарақаттық шок алған»,- деп хабарлады Павлодарлық дәрігерлер.