Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады. Бірнеше анықтама электронды түрде беріліп, өзіңізбен бірге қағаз алып жүрудің қажеті болмайды.
Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.
– Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар келесідей:
– Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
– 075 / е «Медициналық анықтама»;
– 026 /е «Дәрігерлік-консультациялық кеңес қорытындысы»;
– 073 / е «Көлік тізгіндеуге рұқсат туралы анықтама»;
– 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
– 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
– 076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
– 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.