Ақтөбеде жол апатынан 4 мұғалім мерт болды

Теги: , ,
489

Ақтөбеде білімін шыңдап, диплом алуға бара жатқан төрт мұғалім жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды. Тағы екі педагог жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға кеше, 1 мамыр күні Самара-Шымкент автожолының Қобда ауданы аумағында болған. «Лада Ларгус» автокөлігінің  жүргізушісі «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал біреуі ауруханада қайтыс болды. Ол Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы болған.

БҚО білім басқармасының мәліметінше, Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологы, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологы және Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді оқиға болған жерде жан тапсырған.

Алдыңғы пост
«Шымкент жастар лигасының» жеңімпаздарына 4 шағын автобус табыс етілді
Келесі пост
Шымкентте 6 жасар баланы аман алып қалған оқушылар марапатталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu