93
Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың, тар қапастан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
«Сотталған Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Және ол жазасын қауіпсіздігіжоғары мекемеде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҚАЖ комитеті, жалған ақпарат таратып, қоғамды дүрліктірген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев “әйелі Нүкенованы қинап, аса қатыгездікпен өлтірді” деген айыппен 24 жылға түрмеге тоғытылған болатын.