103
Жағымсыз жағдай, Павлодар қаласында орын алған. Бейнематериалға сүйенсек, күзетші жайдан жай кетіп бара жатқан баланы көкірек тұсынан ұрып жібереді. Мұнан соң, тағы бір баланы нұқып өтеді.
Салдарынан, 6 сынып оқушысы жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға түскен.
“Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылды, айыппұл салынды”,-деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.