108
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Нақытырақ айтар болсақ, шекара бекетін тексеру барысында шетелдік азаматтың автокөлігінің жүк салғышынан 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.
Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.
Айта кетейік, құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған.