65
Қайғылы жағдай, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында орын алған. Бір күнде көміртегі тотығынан төрт адам уланып, үшеуі қайтыс болды. Оның ішінде екеуі жасөспірімдер. Ал, төртіншісі ауыр халде.
Мұнайлы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қайғыдан қара жамылған отбасыға қаржылай көмек берілген. Және қажетті қолдау шаралары көрсетілген.
Алдын-ала болжам бойынша, үйдегі жылу пешінің түтін шығаратын мұржасы болмаған.