Әскерилер форумға қатысты…

170

5 желтоқсан күні Теміртау қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінде қаланың білім беру бойынша мектептердің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар, ұйымдастырушы-педагогтар, сынып жетекшілерімен ауқымды қалалық «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында форум өткізілген болатын. Форумның басты мақсаты  балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептердің өзара іс-қимыл құрылымдарымен тәжірибе бөлісіп, академиялық адалдық қағидатын тәрбиелеу; моральдық нормаларды сақтау; адал еңбекті құрметтеу; шешім қабылдау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру көзделді.

Шара барысында Ұлттық ұланның 5516  әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көрсетіп, кинолог мамандар төрт аяқты сақшылардың білімділігін паш етті.

” Мұндай шаралар әскери бөлім мен мектепаралық кездесулерде әрдайым өткізіліп тұрады, әскерге баулу бала кезден бастау алу керек демекші бүгінде біз форумға қатысып бала тәрбиелеу әдістері бойынша ойымызды жеткізіп, өзара пікір таластырдық, дейді 5516 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Алексей Бондаренко.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
Қазақтарды қорлаған азаматты жазаға тарту қажет
Келесі пост
Мемлекет басшысы QAZAQ TILI қоғамына алғашқылардың бірі болып, 7 млн теңге аударды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu