73
Қарағанды облысындағы “АрселорМиттал Теміртау“ шахтасындағы кеншілердің қазасына кінәлілер анықталып, сот үкімі шықты.
Аталмыш шахтаның 4 қызметкері сот шешімімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.
«Жол берілген жағдайлар салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында “Қазақстан” шахтасының көмір конвейер еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншінің денсаулығына орташа және ауыр зиян келді»,- деп жазылған мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай, 2023 жылы тамыз айында орын алған. Оқыс оқиға барысында жер астында 227 кенші қалып қойып, дер кезінде 222 адам құтқарылды. Ал, бес азаматтың денесі жер астында қалған. Екі күннен соң, олардың да, денесі табылды.