Ата-анасын қарттар үйіне өткізгендер жалақысының 50 пайызын төлеп тұрсын ба?

79

Бауыр еті баласының қызығын көремін деген кезде, көзі жәутеңдеп қарттар үйіне орналасқан қарттарға, балалары материалдық төлем төлеу қажет. Яғни, жалақысының 50% аударып отыруы тиіс. Сондай-ақ, жасы 70 тен асқан зейнеткердің артында жылжымайтын мүлік болса, ол өле-өлгенше ешкімге аударылмау керек. «Ауыл» партиясы Фракциясының мүшесі Таңсауле Серіков осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, қазір қараусыз қалған ата-аналардың 90% қазақтар.

«Ресми статистикаға сәйкес, 2023 жылдың соңында қарттар үйі 51 бірлікті құрады. Оның 43 мемлекеттік, 8 жеке. Қарттар үйінің ең көп саны Шығыс Қазақстанда. 11 үй орналасқан. Ал, қалған өірлерде 1-ден бар. Ресми мәліметтер бойынша 2023 жылы еліміздегі қарттар үйінде тұратындардың саны 6824 адамды құрады. Және жыл сайын өсуде»,-деді депутат.

Сондай-ақ, депутат тастанды ата-анасының зейнетақысына қол сұғатындарды да сынға алды. Оның айтуынша, қарттар үйінің алдында қымбат көліктер қаптап кетеді.

Демек, кішкентайынан демеп өмірген ата-анасынан ақшасы артық болғаны. Расында, қатігез ұлдар мен қыздардың көбейгені ме?

Алдыңғы пост
Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады
Келесі пост
31 адам қар құрсауынан құтқарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu