104
Шымкент тұрғыны алматылықтарды бөтен балалардың суретімен алдап, 32 млилион теңге жинаған.
Ол өзінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін, онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суретін пайдаланған. Сөйтіп, банк шотын көрсетіп, қайырымдылыққа ақша жинаған. Яғни, жасөспірімдердің еміне деп, көпшіліктің қалтасын қаққан.
Қазіргі таңда, аталған азамат ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның басқа да, қылмыстарға қатысы болуы мүмкін.
Қайырымдылық жасағанда абай болыңыз!