Байқоңыр ғарыш айлағынан”Прогресс” жүк кемесі ұшырылды

94

28 ақпанға қараған түні “Прогресс МС-30” жүк кемесімен “Союз-2.1 а” зымыраны ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Іске қосу Астана уақыты бойынша сағат 02:24-те өтті.

Ғарыштық жүк көлігі, Халықаралық ғарыш станциясына жанармай, су, азық-түлік, ғылыми эксперимент жабдықтары және экипаждың тіршілігін қамтамасыз ететін 2,6 тоннаға жуық жүк жеткізеді.

Сондай-ақ, станция бортына ғарышта жұмыс істеуге арналған жаңа “Орлан-ХҒС” скафандры жіберілді.

Кеменің ұшуы екі күндік схема бойынша жүреді. Осы уақыт ішінде “Прогресс МС-30” жерді 34 рет айналып өтіп, 2 наурызда ХҒС-қа қосылады. Бүкіл миссия 193 күнге созылады.

Айта кетейік, Байқоңырда ХҒС бағдарламасы бойынша кезекті ұшыруға дайындық жүріп жатыр. “Байқоңыр” ғарыш айлағынан “Союз МС-27” басқарылатын ғарыш кемесі бар “Союз-2.1а” зымыран тасымалдағышын ұшыру 2025 жылдың сәуір айына жоспарланған. Құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар 73-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы ұшыруға дайындалып жатыр.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Памела Харристі қабылдады
Келесі пост
АИ-92 бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu