АИ-92 бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

104

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған.

«Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті

Алдыңғы пост
Байқоңыр ғарыш айлағынан”Прогресс” жүк кемесі ұшырылды
Келесі пост
Қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu