Шымкентте өткен мәслихаттың екінші сессиясында не туралы айтылды?

171

Шымкент қаласы мәслихатының екінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ELITAR.KZ.

Сессия отырысына қала әкімі Мұрат Әйтенов, аудан әкімдері, тиісті басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия онлайн режимінде тікелей эфирде көрсетілді. Кезектен тыс екінші сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашты, ол бұрын сессия регламентіне енгізілген 8 мәселені талқылауға шығарды.

  1. “Шымкент қалалық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII” Шымкент қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы ” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. “Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақы белгілеу туралы”;
  3. “Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы”;
  4. “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы” 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. “Шымкент қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы”;
  6. “Шымкент қаласының жер комиссиясы және комиссия құрамы туралы ережені бекіту туралы және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы”Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  7. “Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және олардың атын өзгерту, сондай-ақ транскрипциясын өзгерту туралы”;
  1. “Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына мемлекеттік заңды тұлғалардың атын өзгерту және Шымкент қаласында орналасқан жеке тұлғалардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы”.

Сессия соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қалада атқарылған жұмыстардың негізгілерін баяндады.

Сондай-ақ, мәслихат 1 мамырдан бастап қоқыс шығару тарифін екі есеге арттыру туралы шешім қабылдағанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ол қаралған мәселелер өңіріміздің өзекті мәселелерін қамтитынын және нақты іс-қимылдарды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бұл мәселелер бірлескен тұрақты комиссияда сессия алдында егжей-тегжейлі талқыланып, зерделенді. Ал күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан қабылданды.

Мәслихаттың келесі сессиясы мамыр айының бірінші онкүндігіне жоспарланған.

Алдыңғы пост
Қазақстанда ішкі туристер саны 8,6 млн-ға жетіп, рекорд жаңарды
Келесі пост
Үшінші мегаполис елдегі ең жасыл қала болуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu