103
Жағымсыз жайт, Өскемен қаласында тіркелген. Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, безбүйрек ана 44 жаста. Оның бес баласы бар.
Сондай-ақ, күдікті ананың жүктілігі еш жерде тіркелмеген. Медициналық көмекке жүгінбеген. Және, жалдамалы пәтерде жалғыз өзі тұрған.
Әйелдің айтуынша, 22 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында үйде жалғыз босанған. Нәресте өмір белгілерінсіз дүниеге келген. Содан кейін оны қоқыс жәшігіне апарып тастаған. Әйел амбулаторлық бақылауда,жағдайы қанағаттанарлық.
Қазіргі таңда, көкек анаға қатысты, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.