1- наурыз алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл мейрам өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Алғыс айту күні біз үшін жыл бойы атқарған еңбегімізбен жасаған жақсылығымыздың есебіндей маңызды.
Әрқашан жақын болып, қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет. Жылы сөздер мен тілектер үшін шын жүректен алғыс!
Сондай-ақ, алғыс айту мерекесімен тұспа-тұс келген Рамазан айы да, құтты болсын! Аллаһым, баршаңыздың ниет-тілектеріңізді қабыл етсін!