199
Аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде.
Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.
Фото:видеодан алынды
Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.
Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды.
Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.