Талдықорғанда көлікке орнатылған газ жарылып бір адам зардап шекті

69

Талдықорған қаласындағы Еркін ауылында көлікке орнатылған газ жарылып, бүтін бір үй қирап қалды. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбадан қираған жартылай үй мен аумағында шашылып жатқан шаруашылық заттарын көруге болады. Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыстан 40 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген. Құтқарушылар қазір, 50 шаршы метрді қамтыған жарылыстың себебін анықтауда.

«Талдықорған қаласы Еркін ауылы, шақыртуға келіп жеттік. Оқиға орнына келу барысында газ қондырғысы орнатылған гараж ішіндегі автокөліктің газ орнатып алғаны белгілі болды. Соның жарылу салдарынан қосымша салынған ғимараты зардап шекті және бір адам оқиға орнынан жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жасауда»,- деп хабарлады Талдықорған қаласы ТЖБ бастығының орынбасары Данияр Айтқұлұлы.

Алдыңғы пост
Ұстаздардың айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті? 
Келесі пост
Дәрігерлер ұшақ бортындағы қыздың өмірін сақтап қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu