Елімізде туристердің қауіпсіздігі үшін «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады

54

Туристер жосықсыз такси жүргізушілері мен қонақүйлерге «Е-Шағым» жүйесі арқылы шағымдана алады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ол аталған жұмыс туризм саласын цифрландыру аясында жүргізілетінін атап өтті

«Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында турист қажет болған жағдайда бір тетік арқылы мемлекеттік органның белгілі бір өкілінің, қонақүй reception-нің заңсыз әрекеттеріне, такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алғанын қалаймыз. Бұл жүйе “Е-Шағым” – шағымдарды жинақтау жүйесі деп аталады. Біз оны енгізуді жоспарлап отырмыз»,— деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Travelstan сервисі нарықтың барлық қатысушыларын біріктіруге және туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Алдыңғы пост
14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып арнайы орындарда жойылды
Келесі пост
Астанада жатақхана өртенді 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu